Әлеуметтік желіде 27 шағынаудандағы құрылыс нысандарының бірінде өрт шыққаны туралы бейнежазба тарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шағынаудандағы №71 үйдің жанындағы қазір өз жұмысын тоқтатқан мейрамхана аумағында өрт шыққан. Кішкентай балалар қоқыс қалдықтарын өртеп, өрт шоғы құрылыс материалдарының жанып кетуіне себеп болған.
- Бізге аталған аумақтағы ағаш құрылыс материалдары мен қоқыстың өртеніп жатқаны қоңырау келіп түсті. Өрт болған мекенжайға бөлімшемізден 3-техника, 11 жеке құрам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат түскі 14:51-де өрт толық сөндірілді, - деді МО ТЖД қызметкерлері.