Маңғыстау облысында қаңтар айының 15-21 қаңтар күндері аралығында ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне дабыл бойынша 28 хабарлама түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде өрт оқиғасына 2, жану жағдайларына 15, апаттық-құтқару жұмыстарына 8, расталмаған 3 өрт оқиғағасына шақырған.
Сонымен қатар, 15-16 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының Кендерлі ауылы мен Теңге ауылында сараймен жапсарлана салынған моншада өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Ал Ақтау қаласында 20 қаңтар күні құтқарушылар жертөледе құбырға қыстырылып қалған адамды сүймен (лом) құралы арқылы шығарған.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды қаперге салады. Оның ішінде:
- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмауға;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу;
- тек жарамды электр және газ жабдықтарын пайдалану;
- балаларды қараусыз қалдырмау керегін ескертті.