Ақтауда патрульдік полиция инспекторлары көлік құралын басқару құқығынан айырылып, қайтадан көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. , - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, аталған жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 612-баптың 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, көлігі айыптұраққа жабылды.
Сондай-ақ патрульді полицейлер Ақтаудың орталық жолдарының бірінде апаттық жағдай тудырған «Lexus» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің көлікті басқаруға мүлдем құқығы жоқ екені анықталған.
Қазір құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593, 595, 606, 612-баптары бойынша бірқатар хаттамалар жасақталып, автокөлік айыптұраққа қамалған.