Ақтау қалалық полиция басқармасы бейнебақылау камералары арқылы қаланың орталық көшелерінде «TOYOTA CAMRY» маркалы көлік құралының алдыңғы әйнектеріне қара түсті пленка жабыстырғаны анықтаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлік иесінің жеке басын анықтап, тоқтатқан.
«22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590 бабының 5 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталды», - деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан ақпаратта.
Ақтау қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Айдар Касановтың айтуынша, жол апаттарының көбі түнгі уақытта жол қозғалысының нашар көрінуі салдарынан болады.
Осы бағытта патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастырады. Көлік құралдарының алдыңғы әйнектеріне қараңғы пленка жабыстырып, көлік басқарған жүргізушілерді анықтап, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылады.
Ақтаулық полицейлер жүргізушілердің назарына қараңғы терезе үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгендігінін айты. Бұл бағыттағы жұмыстар патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының қызметкерлерінің қатаң бақылауында.