Әлеуметтік желіде 32Б шағынауданындағы қоқыс жәшігінің жанында намаз оқып жатқан жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеожазба иесінің айтуына қарағанда, ішімдік ішіп алған жігіт әртүрлі сылтау айтып, пәтерлердің есігін қағып қайыр сұрайды. Кейде есігі ашық тұрғын пәтерлерге кіріп кетеді.
- Осы кісі үйімізге кіріп кетіп жүр. Үйде балаларымыз болады. Құдай сақтасын, қорқамыз. Өзі мас. Басында өзіміз көмек беріп, жаман үйреткенбіз. Осымен 5 рет біздің подьездімізге келді. Есік алдында ұл-қыздарымыз ойнап жүр, қорқамыз. 102-ге хабарласуымыз керек пе, кімге айтсақ болады? – дейді шағымданушы тұрғын.
Бұған дейін, қолына жайнамаз ұстап алған осы мас жігіт жетімдер үйінен екенін, жақындасы қарындасы қайтыс болғанын айтып, соған 48 мың теңге сұрап, 9 шағынаудан тұрғындарын да мазалаған.
Облыстық полиция басқармасының айтуынша, бұл ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 30 тәулікке қамалған.