Ақтауда Республика күніне орай қоғамдық көлікте қатынау тегін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 13 жылдан бері алғаш рет атап өткелі отырған мерекеде қала бойынша қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалып отыр.
«Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 25 қазан күні Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарымен қатынау тегін болатынын хабарлаймыз», - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.