Ақтауда «Астық» шаруа қожалығында аумағы 1 га құрайтын жаңа жылыжай салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылыжайдан биыл 300 т өнім алу жоспарлануда. «Астық» шаруа қожалығы қияр егумен 2019 жылдан бері айналысады. Жарты жылда 185 т қияр беретін жылыжайда 24 адам қызмет етеді.
-Жылыжайдың температурасы қыста да, жазда да 17-20℃ жылы. Осыған дейін жылыжайымыздың аумағы 1 га еді. Қазір жаңасы салынып, 2 га жерге қияр егудеміз. Жылыжай ашылғалы бері біз өнімдерді тамшылата суару әдісімен суарып келеміз,- деді жеке кәсіпкер Қуанышбек Абдрахманов.
Айта кетейік, «Астық» шаруа қожалығында 1 га жерге 24 000 дән егіліп, жылына 2 рет өнім береді.