Ақтау қаласының Толқын-1 шағынауданы тұрғындары 108, 109 учаскінің өрт қауіпсіздігін сақтамай отырғаны жайлы шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шағым бойынша ТЖД қызметкерлері осы мекенжайдағы Қымызханаға жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізді. Тексеріс нәтижесінде Қымызхана иелері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны анықталған.
- Аталған кафені келісімшарт арқылы жалға алушы жеке кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410-бабы (ұйымдарда, ғимараттарда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген) негізінде әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырып, №83 бұзушылықты жою жөніндегі ңұсқама берілгені жөнінде хабарлайды, - деді Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мақсат Сарғалиұлы.