Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың хабарландыру, жарнама мәтіндеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шара ҚР «Тіл туралы заңының» талаптарына сәйкестігін тексеру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Мәтінді зерделеу барысында заңнама талаптарын бұзған кәсіп иелеріне заң бұзушылықтарды қалпына келтіру бойынша ұсыным хаттар берілді. Мәтінді түзету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- ҚР «Тіл туралы заңының» талаптарына сәйкес хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпараттың мәтіні мемлекеттік тіл қазақ тілінде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде орналастырылады. Бөлім тарапынан мәтіндерді зерделеу жұмыстары ай сайын жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айзанат Кенжеғұл.