Ақтауда 27 шағынауданда кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата-анасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараға облыс және қала әкімдігінің қызметкерлері, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі, қалалық білім бөлімі, қалалық мәслихат депутаттары және спорт жаттықтырушылары қатысты. Шараның мақсаты - жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда жасөспірімдер жиі төбелесед. Осыған байланысты мамандар жасөспірімдерді спортқа баулу, заңды өкілсіз түнгі мезгілде тұрғын үйден тыс жерде жүрмеу, тазалықты сақтау қажет екенін түсіндірді.