Қазақстанда теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Құжат Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін құруды көздейді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай кластерді құру контейнерлік сыйымдылықты арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық көлік логистикасын дамытуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігі кірме жолдарды мемлекет меншігіне беру рәсімінің аяқталғанын атап өтті.