30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдары ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мемлекеттік мейрам қарсаңында мінсіз қызметі үшін бірқатар тәртіп сақшысы ішкі істер министрлігінің бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ департамент бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаевтың атынан жеке құрам қызметкерлері мен ішкі істер органдары ардагерлеріне құрмет грамоталары, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.