23-24 желтоқсан күндері Ақтау қаласында Грузияның мәдени күндері аясында "Сакартвело - 30 жылдық Достық!" фестивалі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Ақтау қаласында өтетін Грузияның мәдени күндеріне арналған "САКАРТВЕЛО - 30 жылдық Достық" фестиваліне шақырамыз!», делінген хабарламада.
Фестивальде Грузия елінің салт-дәстүрлерін тамашалап, мәдениеті мен әдебиетімен танысып, құнды ақпараттар аласыз. Сонымен қатар, суретшілер көрмесі, қайырымдылық жәрмеңкесі, белгілі грузин тігіншілерінің дизайнерлік сән көрсетілімі, қол өнер бұйымдары, фильмнің тұсаукесері және көптеген қызықты көрмелер өтеді.
Өтетін орны: 34 ш/а Достық үйі
Өтетін уақыты: 23-24 желтоқсан күндері сағ. 11:00
Кіру тегін.