Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен 12-шағын ауданда орналасқан «Анвар» гипермаркетінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызметкерлер жиектастарды әктеу, автотұрақтағы белгілерді сырлады. Кәсіпкерлік нысанның аумағын қоқыстардан тазалады. 12-шағын аудандағы «Анвар» гипермаркетінің директоры Гүлжан Мұрынбаева қала кәсіпкерлерін өз нысандарының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырды.
-ҚР Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын «Анвар» ұжымы қолдайды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 12-шағын аудандағы «Анвар» гипермаркетінің қызметкерлері нысан маңындағы арамшөптерді жұлып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ақтау қаласының барлық кәсіпкерлерін өз нысандарының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамын, - деді 12-шағын аудандағы «Анвар» гипермаркетінің директоры Гүлжан Мұрынбаева.
Тазалық жұмыстары 27 шағын аудан және Шығыс-2 шағын ауданындағы «Анвар» сауда нысанында жүргізілді.