Ақтауда балабақша қызметкерлері арасында флорболдан қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Флорбол дегеніміз - командалық спорт түрі, залдағы допты хоккей ойыны. Тек мұзайдынның үстінде ғана емес, еден үстінде де ойналады.
Жарысқа 20 командадан жүзге жуық адам қатысты. Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табысталды. Сайыс қорытындысына сәйкес, жүлделі ІІІ орынды №61 «Сұлтан» балабақшасы, ІІ орынды №4 «Аққу» балабақшасы жеңіп алды. Ал І орынға №37 «Мәншүк» балабақшасы ие болды.
- Жалпы Ақтауда жыл басынан бері флорболдан жасөспірімдер арасында бірқатар жарыс ұйымдастырылды. Ал ересектер арасында бұл сайыс алғаш рет өткізіліп отыр. Шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, - деді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантай Кумбаев.