Физиопроцедура кезінде күйіп қалған үй айлық баланың анасы әлеуметтік желіде шағымданып, үндеу жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға Ақтау қалалық №1 емханада болған. Медицина қызметкерінің салғырттығынан баланың кеуде тұсы күйіп қалған.
- Медицина қызметкері 0,5 орнына 1 қойды. Үш айлық баланы күйік шалды. Бала ауырып, қатты жылады. Балаларымыздың өмірін кімге сеніп тапсырамыз? – дейді зардап шеккен баланың анасы.
№1 Ақтау қалалық емханасы хабарлағандай, медбике процедураларды бекітілген ережеге сәйкес жүргізді. Оқиға дереу бақылауға алынып, денсаулық сақтау және оңалту бөлімінің меңгерушісі, физиотерапевт және аудит қызметкерлерінің қатысуымен жағдайға талдау жасалды.
- 26 желтоқсанда сағат 10:00-де баланың анасымен кездесу жоспарланып отыр. Мейірбикеге қатысты тиісті шара қолданылады, - деп жауап берді емхана мамандары.