Ақтауда «Кедергісіз Маңғыстау» әлеуметтік жобасы аясында ерекше қабілеті бар жастар мен жасөспірімдерге арналған қысқа мерзімді курстар өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда СММ саласы елімізде өте өзекті сала. Осыған орай ерекше қабілеті бар жастар мен жасөспірімдер осы тақырыпта білім алып жатыр.
- Алғашқы сабақта СММ маманының жұмысымен таныстырдық. Келесі сабақтарда жастар визуал жасап, трендтерді талдайтын болады. Сондай-ақ, рилс пен Instagram желісіндегі жарнамалар туралы да кеңінен ақпарат береміз. Сабақтарды арнайы медиатренерлер өткізеді, -дейді «Әсер» ҚҚ жоба жетекшісі Қарлығаш Әлмұхамбетова.
Айта кетсек, аталған іс-шара жастар апталығы аясында өтеді.