Әлеуметтік желіде екі адамды ұрып-соққан видео тарады. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға 16 тамыз күні таңғы сағат 6.14 шамасында Ақтау қаласының караоке-барларының бірінің алдында болған. 102 кезекші пультіне ер адамдардың төбелесіп жатқаны туралы шақыру түскен.
- 30 жастағы ер адам екі адамды жарақаттаған. Зардап шеккендердің басынан соққы алғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сондай-ақ, құқық бұзған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ол қазіргі уақытта Ақтау қаласының арнайы қабылдағышында отыр. Өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - деді МО ПД баспасөз қызметі.