1979 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Денесінің 95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты және ауыр деп бағалап отыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 14 желтоқсан күні таңертең моншада өрт шығып, ер адам зардап шеккен болатын. Оқиға 03:55 шамасында 17 шағынаудандағы №34 бес қабатты әкімшілік ғимаратында («Лото клуб») болған.