Бұл туралы қоғам белсендісі және блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бұл мәселе шынтуайтында өзектілігімен алаңдатады, көлдің жағалау жиегінен жүздеген қауырсындылардың өлекселері табылды. Ал ең қызығы, көл маңынан аққулардан өзге құстардың өлекселерін таппадым.
Мұны табиғи сұрыптауға жатқызуға келмейді ", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Редакция экология департаментінен түсініктеме беруін күтеді .