Маңғыстауда тергеу изоляторына трамадолды заңсыз алып өтпек болған. 120 таблетканы темекі қорабына тыққан. Айтуынша, аталған зат тергеудегі тұлғаның біріне арналды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде инспекция қызметкерлері барлық аударымды тексереді. Бұл жолы барлық затты мұқият тексердік. Темекіден ақ түсті таблеткалар табылды. Әйел оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тергеуде жүрген күйеуіне әкелген. Полицияның жедел тобы шақырылып, қажетті құжаттар жиналды, – дейді №77 мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.
Айта кетейік, аталған оқиға екінші рет қайталанып отыр. Біріншісі биыл маусым айында болған. Содан кейін дәріні деструктивті діни ағымды ұстанушы әкелген.