Ақтау қаласындағы «Достық» үйінде «Есептегі тұлға» жедел-сауықтыру іс-шарасы аясында есепте тұрған тұлғалармен кездесу өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға полицейлер, AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары мен психологтар қатысты.
Кездесудің мақсаты – бұрын сотталғандарға әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ заңнамалық көмек көрсету, қайталанған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.
- Есептегі тұлға іс-шарасы барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалармен еркін тақырыпта басқосу, кездесу өтті. Кездесу барысында есептегі тұлғалармен заңнамалық, әлеуметтік тұрғыда және қоғамға оңай бейімделу мақсатында туындайтын әртүрлі түйткілді сұрақтар бойынша консултациялық көмек көрсетілді, - деді Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Абдрасул Утешов.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша ақпан айының 12-і мен 20-сы аралығында «Есептегі тұлға», жедел-сауықтыру» шарасы жүзеге асырылып жатыр.