Осыған дейін mangystaumedia.kz сайтының редакциясы 2 ер адамнан жәбір көрген блогер қыздың оқиғасы туралы хабарлаған еді. Оқиғаға қатысты полиция департаменті жауап берді.
«Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 73-бабымен 23 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу амалдарын жалғастыруда»,- делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, блогер Несібелі Дүйсенова өзіне қасақана өлтіру мақсатында шабуыл жасаған Т. Т.-ны қамауға алып, 24-бап бойынша іс қозғауды талап еткен еді.