Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 31-шағын аудандағы сары базар аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мағаш» сауда үйінің қызметкерлері базар маңында жол жиектерін, жасыл желектерді әктеп, түбін қопсытты. Базар маңын қоқыстан тазалап, сырлау жұмыстарын жүргізді. «Мағаш» сауда үйінің администраторы Қырмызы Жұмағали қала кәсіпкерлерін өз нысандарының аумағын таза ұстауға шақырамын.
-«Мағаш» сауда үйінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, сары базар аумағын тазалады. Бұл жұмыстарға 25 қызметкер жұмылдырылды. Қала кәсіпкерлерін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысып, өз нысандарының аумағын таза ұстауға шақырамын, - деді «Мағаш» сауда үйінің администраторы Қырмызы Жұмағали.