Ақтауда бас шырша шамын жағу рәсімі теңіз жағалауындағы «Амфитеатр» алаңында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Салтанатты рәсім 23 желтоқсан күні сағат 18:00-ге жоспарланған. Шырша шамын жағу кешіде мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Бұл жиын аясында викториналық сұрақтар қойылып, жаңа жылдық әндер шырқалмақ.
-Іс-шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау. Аталған концертке қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік кештің куәсі болуға шақырамыз, - деді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантай Кумбаев.