Ақтауда орталық сумен жабдықтау торабтарындағы (ОСЖТ) ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау торабтарындағы (ОСЖТ) ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады.
Қала әкімдігі «МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдады.
Осыған байланысты қала әкімдігі мен «МАЭК» ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды.