Ақтауда 8 шағынауданға қарсы тас жолда Камаз автокөлігінің иесі жүк тасымалдау қағидасын бұзған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл оқиғаны қалалық полиция басқармасы ғаламтордағы видеоларға мониторинг жүргізу нәтижесінде анықтаған.
«Патрульдік полиция қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 бабы бойынша хаттама жасақталды» - деп жазылған қалалық полиция таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ кеше сағат 14:45-те BMW маркалы автокөлігінің иесі 5 А шағынауданындағы теңіз жағалауында жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол көлік құралын басқару кезінде жол көлігі жүруге тыйым салынатын жерге өтіп кеткен.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 601 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталған.