Бүгін Ақтау қаласында ТЖД қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан 2 шақырым қашықтыққа қайықпен жүзіп кеткен 20-25 жас аралығындағы 3 ер адамды құтқарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖД қызметкерлері оларды жағалауға жеткізді. Қайықтағы азаматтар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан жағаға қайтып келе алмаған. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.