Ақтауда тұрғын үйлерді үздіксіз ауыз сумен қамтасыз ету мақсатында су қысымын көтеретін 7 сорғы станциясы жұмыс істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған сорғы станциялары 24, 28, 6А, 11А және 7 шағынауданында бар. Ал 35 шағынауданда ауыз судың қысымын көтеретін екі сорғы станциясы жұмыс істеп тұр. Олар автоматтық режимде жұмыс істейді. «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислам Үсеновтің айтуынша, сорғы станциялары ауыз суды жоғарғы қабаттағы пәтерлерге қысыммен жеткізуге көмектеседі.
- Автоматтық режимде жұмыс істейтін ауыз судың қысымын көтеретін сорғы станциялары «МАЭК» ЖШС-нен келіп тұрған ауыз суды тұрғын үйлерге қысыммен жеткізу үшін арналған. Әсіресе, сорғы станциялары ауыз суды жоғарғы қабаттағы пәтерлерге қысыммен жеткізуге көмектеседі. Мысалы 6А-шағынауданда орналасқан сорғы станциясы 1 шағынауданнан бастап 6 шағынауданға дейінгі тұрғын үйлердің судың қысымын реттейді, - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислам Үсенов.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК мәліметіне сәйкес, әрбір сорғы станциясы белгілі бір шағынаудандағы ауыз су қысымын реттейді. Атап айтқанда, 6А шағынауданда орналасқан сорғы станциясы - 1, 2, 3, 4, 5, 6 шағын аудан.
7 шағынауданда орналасқан сорғы станциясы - 7 шағынаудан, 14 және 15 шағынауданның төменгі бөлігі.
11А шағынауданда орналасқан сорғы станциясы - 9,10,11, 12,13 шағынаудан, 14 және 15 шағынаудан жоғарғы бөлігі.
24 шағынауданда орналасқан сорғы станциясы - 26, 27, 28, 28а, 29, 29А шағынаудан.
28 шағынауданда орналасқан сорғы станциясы - 27, 28, 16 шағынаудан(40,41 үй), 17 шағынаудан(1, 20, 21 үй)
35 шағынауданда орналасқан 2 сорғы станциясы - 16 шағынаудан(14, 36, 36/1, 36/2, 39, 77 үй), 17, 18, 18А, 19, 19А, 20, 20А шағынаудан, 27 шағынаудан (39, 40, 41, 43, 44, 45 үй), 30, 31, 31А, 31Б, 32, 32А, 32Б, 33, 34, 35, 38, Шығыс-1, Шығыс-2, Шығыс-3