2023 жылға арналған жауынгерлік жоспарға сәйкес Әскери-теңіз күштерінің десанттық-шабуылдаушы батальонының жеке құрамымен арнайы роталық-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – роталардың жеке құрамының жауынгерлік әзірлік дәрежесін тексеру және функционалдық міндеттерін бағалау, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Тактикалық оқу бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде рота дабыл қағып, шеруге шықты. Одан кейін әскери топография, инженерлік дайындық, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғаныс, байланыс, әскери-медициналық және әуе-десанттық дайындық бойынша тиісті нормативтер тексерілді. Үшінші кезеңде 50 шақырымдық жорық жасалды, теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ақтау қаласы Әскери-теңіз күштерінің маңызды объектілерін қорғау мәселелері пысықталды.
"Бүгінгі күні батальонның жеке құрамы жаудың шабуылына тойтарыс беруді және оған шабуыл жасауды үйреніп, әскери шеберліктерін шеберліктерін шыңдады. Роталар жауынгерлік дайындық тапсырмаларын шебер орындады. Бұл оқу-жаттығуда взвод командирлері ерекше жауынгерлік есеп берді", - деді десанттық-шабуылдаушы батальон командирінің орынбасары Дәулет Махсотов.
Тактикалық оқу-жаттығулар бөлімше жеке құрамының теориялық білімін шыңдауға, жаңадан жасақталған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына ықпал етеді.