13 маусым күні Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің әскери техникалары күрделі тексерістен өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әрбір әскери құрылымның негізгі күші - әскери техника. Сондықтан да әскери техникалар кез келген жағдайда сақадай сай тұруы қажет.
«Техникалардың қазіргі жағдайын бақылау үшін арнайы әскери бөлімге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінен құралған арнайы комиссия келді. Тексеріс барысында бақылаушылар техника, қару-жарақ, байланыс, радияция-химиялық биологиялық қорғаныс құралдарының сапасын тексерді. Сонымен қатар арнайы бронетехникалық көліктер де тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесі бойынша 3502 әскери бөлім техникалары оң баға алды», деп жазылған хабарламада.