Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірдегі түрлі этностың балалары арасында «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасын ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шара қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналды. Ұлы ақынның шығармаларын оқудан челлендж ұйымдастырылды.
Челлендж қоғамда кең таралып, позитивті имидж қалыптастырып, 10 күнге созылды. Ақынның шығармаларын мектеп оқушылары оқып, видео жазып, бір-біріне жолдады.
Іс-шара өз мәресіне жеткен соң қатысушыларға алғыс хат табысталды.