"ҚазАзот" АҚ мен "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ арасында меморандум жасақталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтауда "ҚазАзот" акционерлік қоғамы мен "Ақтау теңіз порты "арнайы экономикалық аймағы" АҚ арасында кездесу өтті. Басқосу барысында "ҚазАзот" АҚ бас директоры Арман Мәулешев пен "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ басқарма төрағасы Асхат Қабашев еркін экономикалық аймақ аумағында аммиак-карбамид кешенінің құрылысын жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында және жоба нәтижесінде жылына 660 мың тонна аммиак, 395 мың тонна азот қышқылы, 577 мың тонна карбамид, 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіру, сондай-ақ еркін экономикалық аймақтан жер телімін бөлу және ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы қолданыстағы заңнамада көзделген инвестициялық преференциялар мен жеңілдіктерді алуға жәрдемдесу көзделді.
"Бүгінгі күн отандық өнеркәсіп тарихына ерекше дата болып енеді", - деп атап өтті "ҚазАзот" АҚ Бас директоры Арман Мәулешев.
Өз кезегінде "Ақтау теңіз порты" АЭА" басқарма төрағасы Асхат Қабашев Маңғыстау өңірінде өндірісті өркендету мен инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті.