Ақтауда биыл қыркүйек айында 1500 оқушыға арналған 17 ш/а «Оқушылар сарайы» және 500 орындық «Студенттер жатақханасы» пайдалануға берілді. Қос жоба да «NСОС» компаниясының демеушілігімен салынған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен тұрғындармен есептік кездесуінде Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жуырда Приозерный-3 елді мекенінен спорт зал нысанының құрылыс жұмыстары аяқталды.
-Бұдан бөлек Өмірзақ ауылындағы кітапханасы бар 200 орындық ауыл клубының құрылысы нысаны бойынша жоба жасақталып, сараптамаға жолданды. Қазір қорытындысын күтіп отырмыз. Жалпы қаламыздың 1, 4, 14, 22, 28а, 29 шағын аудандарының ішкі жолдарын, жаяу жүргінші жолдарын, сыртқы жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру бойынша ЖСҚ жасақталуда, сараптамаға рет-ретімен жолданатын болады. Жыл соңына дейін сараптаманың қорытындысын алу жоспарланған, - деді қала әкімі.