"Немолчи" қоғамдық қорының мәлімдеуінше, анасы баласының тік ішегінің зақымданғанын байқаған, сондай-ақ іш киімінен белгісіз сүртіндіні тапқан. Ол күйеуінен күдіктенетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қор өкілдері былай деп ақпарат берді:
"Күйеуі кедергі келтірмеуі үшін әйелі үн қатпаған. Таңертең балабақшаға баратындай кейіп танытып, өзі полицияға барады. 24 қаңтар күні 3 жасар баланың анасы Ақтау қаласының полициясына балаға қатысты сексуалдық қылмыс фактісі бойынша арыз беріп, сараптама жүргізуді сұрап, бірақ әкесіне әзірше мәлімдеуді өтінеді. Полиция өкілдері дереу баланың әкесінен жауап алды, ешқандай тергеу шараларын жүргізбейді, киімдерін алмайды, сараптама жүргізу үшін сүртінді алмай, күдіктіні жібере салған! Анасынан жауап алынып, сараптамаға жіберілді, бірақ сараптама жүргізетін маман қабылдауына кіру үшін ұзақ уақыт дәлізде күтуіне тура келіп, шу көтергеннен кейін ғана анасы сарапшының қызметіне қол жеткізеді. Ал сарапшы баланың тік ішегін тек тампонмен ғана сүртіп, жібере салған".
Қор өкілдері анасы баласын проктолог-маман қабылдауына апарғандығын мәлімдеді.Проктолог тік ішектің зақымдануын растаған.
Келесі күні екі хирург те ешқандай жарақатты байқамаған.
Қазіргі таңда анасы күдіктіні қамауға алуға және сараптама жүргізуге қол жеткізуге тырысып бағуда.
"Биыл 26 қаңтарда Ақтау қалалық полиция басқармасына 35 жастағы азамат жазбаша өтінішпен жүгінді. Бұл факт ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ҚБ ЕҚДБ-да тіркелген. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлайды облыстық ПД.