Әлеуметтік желіде жеті жасар бүлдіршіннің 4-қабаттағы терезенің алдында тұрып анасын шақырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға 32А ш/а орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Ақтау полицейлері кәмелетке толмаған 7 жасар баланың ата-анасын анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар балаларды қауіпті жерлерде жалғыз қалдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.