Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты 3А және 3Б шағын аудан арасындағы жол уақытша жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын байланысты 9 тамыз күні сағат 9:00-ден бастап 11 тамыз сағат 21:00-ге дейін 3А және 3Б шағын аудан арасындағы жол уақытша жабылды”, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын жүргізіп отырған «Алматыинжстрой» АҚ қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.