Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекті комиссия отырысында бірқатар мәселе талқыланды. Солардың бірі - Ақтау қаласы аумағындағы өртке қарсы атқарылған шаралар.
ТЖД мамандарының айтуынша, Ақтау қаласы бойынша барлығы 1336 өрт гидранты бар. Оның 990-жарамды, 342-сі – жарамсыз деп тіркелген. Ал 4 өрт гидранты анықталған жоқ.
-10 шағын ауданда (1,2,10,11 үйлер жанындағы) 7 дана өрт гидранты) иесіз екені анықталды. Аталған кемшіліктер өрт сөндіру жұмыстарын жүргізу барысында өрт тактикалық шұғыл әрекет етуге үлкен кедергісін келтіреді.
14 шағын аудан «Тамшалы» тұрғын үйіне тиесілі 4 өрт гидранты, 19 шағын аудан «Ханшайым» тұрғын үйіне тиесілі 1 өрт гидранты, 26 шағын аудан «Достық» сауда үйі мен 31 үй аралығында жол бойында 4 өрт гидранты жарамсыз күйде. 24 шағын ауданы «AIBI» газ құю бекетінде орналасқан гидрант пен 24 шағын аудан №35950 әскери бөлімінде орналасқан 1 өрт гидратнына техникалық байқау жүргізуге рұқсат бермеді, - деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ жедел кезекшісі Ғалымжан Оңайбеков.
Қала әкімі жауапты мамандарға бұл мәселені назарға алуды тапсырды.
-342 өрт гидранты жарамсыз боп тіркелуі – үлкен мәселе. Сондықтан мұны басты назарға алу керек. Қай жерде қандай өрт гидранттары бар екендігі жазылған белгілерді орнату керек. Бұл төтенше жағдай қызметкерлеріне өрт кезінде көмекші құрал болады, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Сондай-ақ жиын барысында 2023 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды. Мамандардың айтуынша, алдыңғы жылы 37 адам құтқарылса, биыл – 57 адам. Қала бойынша су объектілерінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында басқарма әкімшілікпен бірлесіп түрлі жұмыстар атқарған. Олардың қатарында судағы қауіпсіздік қағидалары, 9 тыйым салу және ескерту белгілері, Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп жіберілген және пысықталған билбордтың 3 эскизі туралы үгіт материалдары туралы айтылды. «Шора» каналына 2 және 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төменгі жағына тыйым салу және ескерту туралы билборд пен қауіпсіздік белгілері орнатылған.