Ақтауда 31А және 31Б шағынаудан аралығындағы жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 17 шілде сағат 10:00-ден бастап 18 шілде сағат 10:00-ге дейін 31А және 31Б шағынаудан аралығындағы жол уақытша жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.