Ақтауда 31 наурыз күні қалалық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау қаладағы №13, №14 және №20 сайлау округтеріне қарасты учаскелерде өтеді.
Атап айтқанда:
-26 ш/а, №14 жалпы білім беретін мектебі;
-27 ш/а, «Ақтау техникалық қызмет көрсету колледжі»;
-27 ш/а, №16 жалпы білім беретін мектебі;
-27 ш/а, «№46 Балбұлақ» балабақшасы;
-28 ш/а, «№59 С.Н. Шапағатов бөбекжайы»;
-28а ш/а, №23 жалпы білім беретін мектебі;
-33 ш/а, «Маңғыстау Арена» спорт кешені;
-34 ш/а, «№19 мектеп-гимназиясы»
- Сайлауға №13 округ бойынша 4 үміткер, №14 округ бойынша 3 үміткер, және №20 округ бойынша 3 үміткер тіркелді. Дауыс берушілер аталған округтер бойынша сайлау учаскелеріне барып, үміткерлерге дауыс бере алады. Қазіргі таңда үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Іскендиров.
№13 округтік сайлау комиссиясы
Шекарасы: 26 шағынауданның №2, 7, 8, 9, 10, 11, 20, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 31, 32, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 41а, 42, 43, 45, 46, 50/1, 67 үйлері, 28 шағынауданның № 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 үйлері, 28а шағынауданның №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 20, 23 үйлері.
№14 округтік сайлау комиссиясы
Шекарасы: 27 шағынауданның №1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 16, 19, 32, 32/1, 33, 35, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 51, 52, 53, 54, 57, 64, 65, 66, 67, 71, 72, 74, 75, 76, 79, 80, 85, 87, 92, 93 үйлері және 27 шағынауданның №7 ғимараты, 16 шағынауданның № 18, 28, 28/1, 31, 86, 86/1, 89, 90, 91, 92, 93, 94 үйлері.
№20 округтік сайлау комиссиясы
Шекарасы: 19 шағынауданның №20, 21, 23, 23/1, 23/2, 25, 26, 27, 28, 29, 29/1 үйлері, 19а шағынауданның № 12, 12/1, 20, 21, 22, 23, 41 үйлері, 33 шағынауданның №3, 5, 6, 7, 19, 20, 21, 22, 30, 31, 32 үйлері, 34 шағынауданның № 1, 1/1, 2, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18 үйлері, 35 шағынауданның № 1, 1/1, 5, 5/1, 8, 9, 13, 14, 15, 17, 17/1, 18, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 үйлері, 38 шағынауданның № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлері, 39 шағынауданның № 2, 3, 5 үйлері.