Ақтауда 16 наурыз күні көктемгі сенбілік ұйымдастырылады. Тазалық жұмыстары екі айға созылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбіліктің мақсаты - қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету. Шараға қатысатын азаматтарды Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қажетті қолғаптар және қаптармен қамтамасыз етеді.
-16 наурыз бен 18 мамыр аралығында қала аумағында көктемгі сенбілік ұйымдастырылады. Тазалық жұмыстары 16 наурыз күні 9:00-де 4 шағынаудан «Бриз» қайық клубы және «Дискай» теңіз жағажайы маңында, 39 шағынаудан «Ержан Хазірет» мешітінен бастап 34 шағынаудан «Ана мен бала» перзентханасына дейін және 9А шағынаудан «I love Aktau» композициясынан «Самал» теңіз жағалауына дейінгі аумақта жүргізіледі. Аталған жұмыстарға 9 техника жұмылдырылады. Барша қала тұрғындарын көктемгі сенбілікке қатысуға шақырамыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғын үй маңында сенбілік өткізген тұрғындардың қоқыстарын арнайы техника алып кететіндігін айтты. Қосымша сұрақтар бойынша осы нөмерге хабарласуыңызға болады:+7 700 533 3012