Облыс прокуроры Руфат Құттықов жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен өткен алқада прокурорлар тұрғын үй кешендерін заңсыз салудың 11 фактісін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мониторингінің нәтижесінде салымшылардың өз пәтерлерін кейіннен алуына кепілдік беретін белгіленген рәсімдерді орындамай, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартудың 25 фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша прокуратура кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойды.
«Көптен күткен тұрғын үйге соңғы қаражатын салған азаматтар алданып қалды, не жұмыстың аяқталуы ұзақ уақытқа созылды, не әртүрлі негізсіз себептермен мүлдем тоқтатылды. Бірақ, тіпті өз пәтерлерін алған азаматтар да олардың сапасына шағымданады: оларды сәйкестендіру үшін қосымша қаражат қажет, кейбіреулері тұруға мүлдем жарамсыз. Мұның бәрі - құрылыстың басталуы мен барысын уақтылы бақылаудың болмауының нәтижесі», - деп атап өтті облыс прокуроры.
Сондай-ақ, үйлердің құрылысына жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беру туралы 2 қаулының күші жойылды, құны шамамен 130 млн теңге болатын 3,9 га коммерциялық мақсаттағы 9 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Кадастрлық құны 400 млн теңгені құрайтын 20 га аумақты 28 жер учаскесін заңсыз беруге жол берілмеді.