Биылғы жылдың 6 қазан күні «Дератизациялық қызмет көрсету (егеуқұйрықтарды жою)» бойынша «Медик-Гигиенист» өндірістік кооперативімен келісімшарт жасақталған. 10 қазаннан бастап қала аумағында дератизация жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дератизация жасалатын аумақтар:
«Самал» қонақ үйінен бастап, Өмірзақ ауылы, Теңіз порты, Тазарту қондырғысы аумағы, «Приморский» массиві, 16 және 17 шағын аудандар.
- Жоғарыдағыны ескере отырып, аталған аумақтарда сақтық шараларын қатаң сақтауды шақырамыз. Сұрақтар бойынша 8 (7292) 50-13-91 нөміріне хабарласуға болады,- делінген Ақтау қаласының әкімдігінің хабарламасында.