Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ерекше стильдегі аялдама қүрылысы екі күнде аяқталады. Істен шыққан өрт сөндіру көлігін жөндеп, сырлағаннан кейін аялдама етіп орнату жұмыстары басталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
21 ш/а-нан аялдамаға орынды Ақтау қалалық әкімдігі бөлген. Өрт сөндіру қызметінің имиджін арттыру мақсатында «өрт сөндіру көлігі» аялдамасы орнатылды. Аялдама ішіне өрт сөндірушілердің өмірінен фотосуреттер ілінбек.