Ақтауда 3-4 маусым күні «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесі, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтарының жұмысы нақтыланады. Жер сілкінісі кезінде болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығы тексерілетін болады.
Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.