Маңғыстау ауданына қарасты Онды ауылында «Таза Қазақстан» акциясы және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы аясында 100 гектар жерге 1000 түп жеміс ағашы отырғызылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Демеушілер тереңдігі 100 метр болатын су ұңғымасын қазып, тамшылатып суару жүйесін орнатты. Өндірістік мекемелер 50 кубтық 2 дана су жинау ыдысын және бағбанға демалуға арналған вагон орнатты.
Қоршау жұмыстары жергілікті өндірістік мекемелердің демеушілігімен және жергілікті бюджет есебімен жүргізілді. Маңғыстаудың топырағына бейімделген 1000 түп жеміс ағашы «Ақтау қалалық ботаникалық бағынан» әкелінді. Алдағы уақытта 100 000 түп жеміс ағашын отырғызып, жүздеген адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.
Қазіргі уақытта ауылдан «Онды бағы» өндірістік кооперативі құрылып, ауыл тұрғындары мен Иран елінен 1 бағбан отбасы көшіп келді.