Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылының Қарақұм саябағында«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Боранқұл ауылында тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасағы мен ауыл жастары, әкімдік қызметкерлері қатысты.
Олар саябақ аумағын қоқыс пен қураған шөптен тазартты. Ағаштар түбін қопсытып, талдарды суарды. Сенбілік барысында 4 тонна қоқыс шығарылды. 25 адам қатысып, 1 техника жұмылдырылды.
- Қарақұм саябағы 2023 жылы демеушілер есебінен салынып, халық игілігіне берілді. Былтыр саябаққа жарық шамдар, орындықтар және сахна орнатылды. Қазір бұл орын ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізетін демалыс аймағына айналды. Республикалық экологиялық акция аясында жастар саябаққа тазалық жұмысын жүргізіп, ауыл тазалығына үлкен үлес қосып жатыр, – деді ауыл әкімі Айтбай Сиық.