«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп 49 елдімекенді қамтитын 290 мың шаршы шақырым аумаққа мониторинг жүргізген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жыл сайын 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін KazSat-1 және KazSat-2 екі спутнигінің көмегімен жерді қашықтықтан зондтау жүргізіледі. Қыс мезгілінде қар астындағы жерлерді бақылау қиын болғандықтан, қоқыс қалдықтарды орналастыру орындарын тек жылы мезгілде анықтауға болады.
Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда рұқсат етілмеген 600-ден астам қоқыс қалдықтары анықталған.
2024 жылы елордамызда рұқсат етілмеген 206 қоқыс үйінділері табылған. Ал Ақтау ең таза қалалардың қатарында. Қаламызда 11 қоқыс үйіндісі анықталған. Мониторинг қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласында қоқыс қалдықтарын тастауға рұқсат етілмеген 55 орын тіркелген.