Ақтау тұрғыны облыстық ауруханадағы желдеткіштердің істемей тұрғанына қатысты шағымданды - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс әкімдігінің телеграм арнасына шағымын жеткізген қала тұрғыны облыстық ауруханада емделіп жатқан таныстары мұздатқыштың жоқтығынан ыссыға шыдай алмай, қиналып жатқанын айтты.
«Бөлініп жатқан қаражат қайда кетіп жатыр?» - дейді сауалын жолдаған тұрғын.
Бұған қатысты Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жауап берді.
«МОКА “шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын” болғандықтан кез келген қызмет түрлері “Қызметтерді мемлекеттік сатып алу” порталы арқылы қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт түзілген соң ғана жүзеге асады, - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Алайда биыл 13 маусымнан бері осы мекеме тарапынан климаттық кондиционерлерге техникалық қызмет көрсету уақтылы орындалмай, өз міндеттемелеріне салғырттық танытқан.
«21 маусымда “Қызметтерді мемлекеттік сатып алу” порталына келісімшартты қайта қарастыру бойынша тапсырыс салынды. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін МОКА Әкімшілігі кешірім сұрайды», - деп жауап берді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.