Арзан көлік алам деп алаяқтың арбауына түскен Ақтау тұрғыны полицияға арызданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алаяқ арзан көлікпен шектелмей, жүргізуші куәлігін де алуға көмектесетіндігін айтып, уәде берген. Зардап шегушінің жалпы шығыны 1.541.000 теңгені құрады. Қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді
"Облыс тұрғындары мен қонақтарының назарына! Алаяқтардың құрбаны болмас үшін мұқият болған жөн. Ешбір жағдайда ақшаны сенімсіз шоттарға аудармаңыз", - дейді полиция қызметі.